Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында газ баллоны жарылып, үй қирап қалды. Үй ішінде болған төрт адам ауруханаға түсті.
Бүгін сағат 12:06-да құтқару қызметінің пультіне Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында орналасқан тұрғын үйдің ішінде газ баллоны жарылып, үйдің өртеніп жатқаны туралы ақпарат түскен. Мұғалжар ауданы өрт сөндіру бөлімінен 5 адам мен техника жұмылдырылды.
«Шақырту орнына құтқарушылар жеткен кезде тұрғын үйде газ баллоны ашық қалып, газдың ауаға тарағаны, содан жарылып, өрт шыққанын білді. Үйдің қабырғасы құлап қалған. Өрт салдарынан 4 адам Мұғалжар ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. 2 адамды әртүрлі дәрежедегі күйік шалған. Жағдайлары қазір тұрақты», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.