Тоқаев газ және энергетика мәселесі жөнінде шұғыл жиын өткізді
Тоқаев газ және энергетика мәселесі жөнінде шұғыл жиын өткізді
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы газ және энергетика саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен газ және энергетика  мәселелері жөнінде шұғыл кеңесі өтті. Жиын барысында еліміздің энергетикалық жүйесінің қазіргі жағдайы талқыланды. Сонымен қатар қысқы жылыту маусымына қатысты мәселелерге айрықша көңіл бөлінді. Энергетика министрі Болат Ақшолақов баяндама жасады.    width= Кеңес қорытындысы бойынша Президент еліміздің энергетика жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа қуат өндіруші көздерді дамытуға бағытталған кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды.    width=