Ақтөбе облысында жеке үйлердің бірінде газ жарылды
Ақтөбе облысында жеке үйлердің бірінде газ жарылды
415
оқылды
Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, үй өртенді. Төрт адам ауруханаға жеткізілді, біреуінің жағдайы орташа ауыр, – деп хабарлайды "Мой город" басылымы.
"Жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, одан кейін жалпы ауданы 31 шаршы метр үйдің 10 шаршы метр аумағында қабырғалар жартылай опырылып, шатырда өрт шықты. Салдарынан төрт адамды күйік шалды. Олардың жағдайлары тұрақты" делінген Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша, 33 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Оның беті мен кеудесін термиялық күйік шалған. Дәрігерлер науқастың жағдайын орташа ауыр деп бағалаған.