Солтүстік Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған 68 адам уақытша қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Солтүстікте 126 ата-ана алимент төлемей жүр. Олардың жалпы берешегі 200 миллион теңгеге жуық. Құқық қорғау органдары қарызды өндірудің оңтайлы жолдарын қарастыруда. Сот орындаушылар сылбырлық танытып отырғанын айтады прокурорлар. Сол үшін оларға сөгіс те беріліпті.
СҚО прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар: «Алимент төлеушілердің саны – 6 986 адам. Оның ішінде 126-сы алиментті қасақана төлемейді. Полиция мен сот орындаушыларының арасында әрекет болмағандықтан, біз қылмыстық істерді тергеу бойынша әдістемені дайындадық. Сол әдістемені біз полицияға және сот орындаушыларына жібереміз», – деді.Бұған дейін борышкердің сот орындаушыны көлігімен қаққаны туралы жазған болатынбыз.