Алматы облысында бір ай бұрын жоғалған оқушы егіс алқабынан табылды

Алматы облысында бір ай бұрын жоғалған оқушы егіс алқабынан табылды

Алматы облысында 11 қыркүйекте жоғалған 14 жастағы оқушы табылды. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті хабарлады. Полицейлер кәмелетке толмаған жасөспірімді Талғар ауданы Сақтан ауылынан тапты. Бала бір жарым айдай ата-анасынан жасырынып жүрген. Ол далада түнеп, көзге түспеуге тырысқан. Бұған дейін де үйінен бірнеше рет қашып кеткен. Ол ата-анасымен бірге тұрғысы келмейтінін айтқан. Баланың тағдырын арнайы құрылған комиссия шешеді.