4, 5 және 6 қараша күндері Kaspi Жұма басталады
4, 5 және 6 қараша күндері Kaspi Жұма басталады
950
оқылды
Қараша айының 4, 5 және 6 күндері Kaspi.kz-тің Kaspi Жұмасы қайта өткізіледі. Ел арасында бұл күндер бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесіне айналды. Өйкені сол күндері Kaspi.kz-тегі интернет-дүкеннен және еліміз бойынша серіктестердің дүкендерінен қажетті дүниесін тиімді бағаға сатып ала алады. «Біз бүкіл клиенттерімізді тиімді бағаға қажетті дүниесін сатып алуға, яғни Kaspi Жұмаға шақырамыз! Жазда өткен бұл мерекеміз күткенімізден жақсы өтті. Осы жолғы мерекемізге, күзгі Kaspi Жұмаға барымызды салдық. Сондықтан әркім өзіне оңтайлы сыйлық жасай алады. Қазірдің өзінде Kaspi.kz-тегі интернет-дүкенде  2,5 миллион клиентіміз бар,  оларға керемет сауда жасауына тілектеспіз!» – деді Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе. Kaspi Жұмаға: Adidas, Euromebel, Glasman, Kimex, Lucente, Marwin, Mon Amie, Sulpak, Zeta, «12 месяцев», Қазақювелир, Комфорт, «Мечта» сияқты белгілі брендтер және басқасы қатысады. Kaspi.kz-тегі интернет-дүкеннен және қаланың үздік дүкендерінен жиһаз, үйге қажет тауар, электроника, зергерлік бұйымдар, көлік тауары, құрылыс материалдары, денсаулыққа арналған тауар, киім мен аяқкиім, балалар тауарлары мен тағы басқасын сатып ала аласыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қуаныш сыйлаңыз!