Бүгін қар жауып, бұрқасын соғады
Бүгін қар жауып, бұрқасын соғады
Фото: bolgegundem.com
595
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, Қарағанды облысының солтүстік жартысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Батыс Қазақстанның солтүстік, шығыс пен орталығында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. Астанада 27 қазанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші – 15-20 м/с, тау асуларында екпіні 25 м/с дейін барады. Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз шығыс жартысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығыс жартысында жел екпіні 15-20 м/с дейін барады. Бүгін Абай облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Қостанай облысының да шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі. Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін барады. Павлодар облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Тәулік бойы облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с, екпіні – 23-28 м/с.