Тоқаевтың сайлауалды штабы: өңірлердегі кездесулер Абай облысынан басталды
Тоқаевтың сайлауалды штабы: өңірлердегі кездесулер Абай облысынан басталды
279
оқылды
Бүгін ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің сайлаушылармен үгіт-насихат кездесулері басталды. Өңірлердегі кездесулер Абай облысынан бастау алды. Мәселен, облыстың ақсақалдарымен және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде РҚШ мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды.  Әсіресе, мәдениетті дамытуға, мемлекеттік тілді қолдауға, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге айрықша мән берілді.  width= Бұдан соң, Абай облысының жұртшылығымен өңірлерді дамыту, ең алдымен  ауылдарда жайлы өмір сүруге жағдай жасау бойынша кандидат ұсынған шаралар талқыланды. Кездесуге 300-ден астам адам қатысты. Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов халқымыз Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегінде топтасуы тиіс екенін атап өтті.  width=
«Президенттің саясаты мен іс-қимылы, бірінші кезекте, мемлекет мүддесін қорғап, ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Халықтың қалауы да – осы! Бір сөзбен айтқанда, ел мүддесі де, ер мүддесі де бір жерден шығып отыр», – деді ол.
Әлихан Бөкейханов атындағы университетте жастармен кездесу өтті. Жиында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы жастарға қатысты іс-шаралардың барлығы жүйелі түрде жүзеге асатынын атап өтті.  width= Осы күні РҚШ мүшелері «Семей Цемент» акционерлік қоғамына барып, кәсіпорынның еңбек ұжымына кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы түсіндірді.