Қазақстанда зейнет жасына жеткен азаматтар жұмысын жалғастырса да, зейнетақы алу құқығынан айырылмайды.
Қазақстанда жұмыс істейтін зейнеткерлер зейнетақысын толық ала ма
134
оқылды

Олар ай сайын жалақысымен қатар мемлекет тағайындаған зейнетақысын да ала алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, азаматтың жұмыс істеп жүргені жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тоқтатуға негіз болмайды. Зейнетақының мөлшері еңбек өтіліне, зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне және жинақталған қаражатқа байланысты есептеледі.

Қазақстанда зейнетақы бірнеше бөліктен тұрады. Мемлекеттік базалық зейнетақы бюджет есебінен төленеді. Ал 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар азаматтарға жасына байланысты ортақ зейнетақы тағайындалуы мүмкін. Бұдан бөлек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтардан төлем беріледі.

2026 жылы базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің 70 пайызына тең. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан асқан әрбір толық жыл үшін бұл көрсеткіш 2 пайызға артады. Ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 118 пайызынан аспайды.

Айта кетейік, Қазақстанда ерлер 63 жаста, әйелдер 61 жаста зейнетке шығады. Әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін осы деңгейде сақталады.