Қарақат Әбден перзентхана қызметкерлерімен кездесті
Қарақат Әбден перзентхана қызметкерлерімен кездесті
466
оқылды
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Павлодар облысына ат басын бұрды. Бүгін үміткер Екібастұз қалалық ауруханасы жанындағы перзентханада жас аналармен және медицина қызметкерлерімен кездесті. Қарақат Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, ақ халатты абзал жандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. «Сайлауалды бағдарламамның әлеуметтік бағдары басым болғандықтан, онда денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінген. Әсіресе, ана мен сәби өлімінің алдын алу, сирек, яғни орфандық аурулары бар балаларға көмек көрсету, денсаулық сақтау саласын дамыту басты назарда болмақ», – деді үміткер. Қарақат Әбден Сайлаушылар Қарақат Әбденнің ұсынған бағдарламасы ана мен бала денсаулығын жақсартуға, дәрігерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыруға зор үлес қосатынына сенім білдірді. Жиыннан кейін Қарақат Әбден перзентхананың бас дәрігерімен бірге жас аналар мен сәбилердің жағдайын білу үшін перзентхана палаталарын аралады. Үміткердің Екібастұз қаласындағы сенімді өкілі Анар Айдарханова мәлімдегендей, қалада Қ.Әбденнің сайлауалды штабы тұрғындарды ақпараттандыру бойынша жұмыс істеп жатыр. Қарақат Әбден Еске салсақ, Қарақат Әбден бұған дейін Ақмола облысы, Қарағанды және Астана қалаларының тұрғындарымен жүздескен еді. Алдағы уақытта оның Павлодар, Абай және Алматы облысының сайлаушыларымен кездесу өткізетіні мәлім.