«Шымкент» клубы рекорд жаңартты
«Шымкент» клубы рекорд жаңартты
593
оқылды
«Шымкент» әйелдер футбол клубы Қазақстан чемпионатында 11-рет алтыннан алқа тағып, рекорд орнатты. Шымкенттегі «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда шаһар басшысы Мұрат Әйтенов пен Қазақстан футбол федерация­сының президенті Әділет Барменқұлов жеңімпаз команданы салтанатты түрде құт­тықтап, олардың бұдан да жоғарғы дең­гейлерден көріне беретініне сенім білдірді. Қазір «Шымкент» әйелдер футбол клубы – УЕФА-ның үздік 20 командасы қатарында. Олар еуропалық футболдың «Барселона», «Бавария», «Лион», «Манчестер Сити» секілді алып­тары­мен жасыл алаңда теңдей ойнады. Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында үш мәрте өнер көрсетті.

Шымкент қаласы