Қарағандыда былтыр пайдалануға берілген мектептің қабырғасы қақырап тұр

Қарағандыда былтыр пайдалануға берілген мектептің қабырғасы қақырап тұр

Қарағанды облысы Шет ауданы Киікті ауылында былтыр ғана пайдалануға берілген мектептің қабырғасы қақырап, құлайын деп тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   AstanaTV-ның мәліметінше, мұғалімдер түсірген видеода қабырғалардағы жарықтар анық көрінеді. Мектеп ауласындағы жол опырылып қалған. Жылдар бойы армандаған жаңа мектеп 700 миллион теңгеге былтыр ғана салынған. Жауын жауса, төбеден су ағып, әбігерге түсеміз дейді мұғалімдер.

Мектеп мұғалімі Бақыт Қантеев: «Спортзалдың едені көтеріліп кетті. Мемлекет осыншама қаражатты беріп осындай зәулім мектеп салынып жатқан кезде, қабылдаған кезде жауапты басшылар қайда қараған? Мемлекеттің қаражаты желге ұшты ма деген ойға қаласың...», – деді.
Аудандық білім бөлімінің ақпаратынша, мердігер мекеме кемшіліктерді жөндеп береді. Өз есебінен барлық жұмысты атқарады
Шет аудандық білім бөлімінің жетекшісі Елдос Смағұл: «Келісімшарт негізінде жаңағы 3 жылдық гарантия мезгілі бар. Соны мердігер өз мойнына алып қабырғаларындағы сылақта сызат түсуіне байланысты күзгі каникулда қазан айында барлық жұмысты атқаратын болып мектеп директорына хат жолдап барлық қажетті заттарды мектепке әкеліп қойды», – дейді.
https://youtu.be/fDDOAwOQ_JU Бұған дейін Қарағанды облысында цементсіз салынып жатқан көпқабатты үй туралы жазған болатынбыз.