Осыған дейін әлеуметтік желіде Жаңаарқа ауданында көпқабатты тұрғын үйдің кірпішін цементсіз қалап жатқаны турады видео жарияланған болатын. Қоғамда қызу талқыланған видеодан соң, тексеру басталған еді.
Жаңаарқа ауданында көпқабатты тұрғын үйдің кірпішін цементсіз қалаған мердігерге айыппұл салынды
Фото: Видеодан скриншот
1,335
оқылды

Inform.kz-тің жазуынша, енді үш қабатты 17 үй сапасын тексеру үшін мемлекеттік сараптамадан қайта өткізіледі. Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Қамзин: «Заңбұзушылық анықталды. Үш жолақты цементсіз салған. Сол үшін мердігер мекемеге 400 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Хаттама толтырылды. Сондай-ақ  техникалық бақылау органына да 60 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар оның аттестатын алты айға тоқтаттық», – дейді. Үш қабатты үйлерді «АгроПромРемСтрой» компаниясы салып жатыр. Соңғы қабатын көтеріп үлгермеген жоба үшін ол қазынадан 500 млн теңге, бұған қоса сапасыз құрылысқа рұқсат берген техникалық бақылаушы орган қызмет көрсеткені үшін 10 миллион теңгеге жуық қаржы алған. Енді бұл мекеме алдағы жарты жыл бойы нысандарды қадағалау қызметімен айналыса алмайды. Тәртіптік жазаға Жаңаарқа аудандық құрылыс бөлімінің басшысы да тартылды.