Мұғалім оқушыларды әскери белдікпен сабаған
Мұғалім оқушыларды әскери белдікпен сабаған
395
оқылды
Шымкент қаласындағы колледждердің бірінде Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі студенттерін белдемшемен сабаған, - деп хабарлайды Egovpress telegram-арнасы. 
"Шымкент қаласындағы Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің дене шынықтыру және АӘД кафедрасының оқытушысы студенттерді белбеумен ұрды. Шағым бастапқыда студенттердің бірінің анасынан түскен. Ол мұғалім баласының бетінен ұрғанына шағымданған", - деп жазды ақпарат көзі.
Нәтижесінде студент ауруханаға түсті, дәрігерлер жасөспірімнің бетінің екі жерін тіккен. Қазіргі таңда мұғалімді жай ғана жұмыстан шығарып жіберген.