Жәнібек Әлімханұлы 32 нокауты бар боксшымен жекпе-жек өткізеді
Жәнібек Әлімханұлы 32 нокауты бар боксшымен жекпе-жек өткізеді
479
оқылды
Қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) командасы Instagram желісінде маңызды ақпаратпен бөлісті. "WBO президенті Пако Валькарсель Әлімханұлын орта салмақта WBO белбеуін мексикалық Хайме Мунгияға қарсы қорғауға міндеттейтінін мәлімдеді. Егер Жәнібек 12 қарашада британиялық Дензел Бентлиді жеңсе", - делінген хабарламада. Айта кетейік, Мунгия WBO рейтингінде бірінші орында келеді, ал Жәнібек британиялық Дензел Бентлиге қарсы айқаста чемпиондығын алғаш рет қорғайды.