Қашып келем...
Қашып келем...
229
оқылды
Қашып келем, қашып келем, қашып келем, қашып келем, ой бір қашып келем, қашып келем, қолдарым ербеңдеп, ой бір қашып келем, қашып келем, қашып келем, тер деген кетті, қашып келем, қашып келем, қашып келем, өкпем өшті, сонда да, қашып келем, қашып келем, қашып келем! Шын айтам, қашып келем, қашып келем, қашып келем, өтірік айтып нем бар, қашып келем, қашып келем, қашып келем, жетейін деп қалды, қашып келем, қашып келем, қашып келем, қашып келе жатып, артыма қарасам, ешкім жоқ, Сонда да, қашып келем, қашып келем! Бір кезде, алдымнан шыға келгенде, бұрылып алып, қашып келем, қашып келем, қашып келем. Еріп кеткендей, бүкіл денем, қашып келем, қашып келем, қорыққанымнан қашып келем, қашып келем, қашып келем, қашып келе жатып қарным да ашып кетті, сонда да қашып келем, қашып келем, қашып келем, ет жегім келіп кетті, қашып келем, қашып келем, қашып келем, «Ерегісіп нем бар еді?» – деп қашып келем, қашып келем, қашып келем, бір кезде жетіп алды да: – Сен мені танисың ба? – деп сұрады, бір түрлі екен, сұрағы. Басымды шайқап, қашып келем, қашып келем, қашып келем, желкем қышыды, оны да қасып келем, қасып келем, қасып келем, сонда да қашып келем, қашып келем, бір кезде ұстап алып: – Сен мені неге танымайсың? – деп сұрады. Қызық екен сұрағы. – Білмейтінім, көп әлі, мен білсем, сен әнші Төрәлі? – дегенім сол, тұмсығымнан бір періп, құлап түстім шалқамнан, мұзай тер аққаны арқамнан. Әдейі «танымаймын» дегенім үшін қуған еді, содан тұра қаштым, қашып келем, қашып келем, қашып келем, тәлтіректеп, аяғымды оннан, мұннан басып келем, қашып келем, қашып келем, ол да қалар емес, қуып келеді, қуып келеді, қуып келеді, тура Оспанханның «дігідігіндей» болып, мен де қашып келем, қашып келем, қашып келем, «ойпырмай, әнші деген сыпайы болмас па?» – деп ойлай, қашып келем, қашып келем, қашып келем, бір кезде ол қуып жетіп, ұстап алды да: – Мен кіммін? – деп сұрады, қызық екен сұрағы. – Тө-Төрәлі... – Жоқ, мен кммін? – Ә-әнші. – Жоқ, мен жұлдызбын! – деп тұмсығымнан періп кеп жібергенде, топырақ жалай, етпетімнен түстім. Еңбектей қашып келем, еңбектей, қашып келем, еңбектей, қашып келем, ол да еңбектеп, қуып келеді, еңбектеп қуып келеді! Менің қиналғаным болып тұр оған керегі. Бір кезде, алдымнан шыға келіп: – Мені таисың ғой? – деп сұрады, ойпырмай, қызық болды сұрағы. – Танимын. – Жұлдызбын! Шындығында, бүгінгі жұлдыздарымыздың біріТөреғали Төрәлі дәл бұлай ешкімді қуған жоқ. Ол туралы жазарда сәл бой жазып, шыныққан түріміз ғой. Төрәлі осыдан біраз жыл бұрын сахнада тұрып, бір қарияны балағаттаған еді. Сөйтіп, елді дүрліктірген болатын. Артынан бу, сосын шу еріп жүретін әнші бұл жолы не бүлдіріп қойды екен? Халықтың ақшасына мастанып, фонограм­мамен тыңдармандарын алдап жүрген әніші жақында уақытша ұстау изоляторына қамалып, артынша 10 миилион теңге айыппұл төлеп, дау–дамайдан әрең босап шықты. Неге деп елеңдеп тұрсыз ба? Алматы облысы, Кеген ауданындағы «Көлсай» ұлттық саябағында гид жұмысын атқарып жүрген Бекзат Қож­бановпен ерегісіп қалып, оны балағаттап, тіпті, соққыға жыққан. Қабағынан қан саулаған туристіқ қызмет өкілі ештеңеге түсінбей қалып, артынша аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазды. Заң бәрімізге бірдей, «Анау әнш еді, оларға заң жоқ» деген қылмыстық кодекс атымен жоқ. Сонда дейміз–ау, Төрәлі деген кімнің еркесі? Әнші Медеу Арынбаев кезінде бір сұхбатында: «Төрәліні әнші деп мойындамаймын» деген еді. Аузын жыбырлатып та ақшаның астында, үстінде жүрген әнші неге бұзықтық жасап, кім болса да, бір сұлатып тастауға бейім? Әлде, ол, рэкет әнші ме?

Ақмарал ЛАРА