БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге уәде етілген үйлер әлі берілмеген
БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге уәде етілген үйлер әлі берілмеген
773
оқылды
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Шалғын ауылы көктемде суға кетіп, 20-дан астам отбасы баспанасыз қалған еді. Тұрғындарға уәде етілген үйлердің құрылысы әлі бітпеген, –  деп хабарлайды Экспресс К сайты.  Тасқын ауыл мектебін және 23 үйді бұзып өткен. Шығын 1,6 млрд теңгеге бағаланып, жаңа баспаналар мен 60 орындық мектеп салу шешімі қабылданды. Бірақ үй құрылыстарының бітетін түрі көрінбейді.
«Құрылыс кестеден кешігіп жүріп жатыр. Өйткені басында қаржыландыру болмады. Бірақ мердігер "Жиенбай" ЖШС қарашаға жеткізбей аяқтап беруге уәде етті», –  дейді аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев.
Ол осы жағдайды апта сайын барып тексеріп жүргенін айтты. Ал барар жері болмаған кейбір отбасылар жаз бойы қораларды паналап келіпті.