БҚО-да бұрынғы полицейді өлтірген ер адам қамауға алынды
БҚО-да бұрынғы полицейді өлтірген ер адам қамауға алынды
288
оқылды
Батыс Қазақстан облысында 26 жастағы экс-полицейді өлтірді деген күдікті ұсталды, –  деп хабарлайды "Мой город". Басылым мәліметінше, оқиға 26 қазанда Ақжайық ауданы Чапаево ауылында түнде болған. Полиция департаментінің деректеріне қарағанда, 51 жастағы күдікті жанжал кезінде бұрынғы полицейдің жүрегіне пышақ сұғып алған. Жедел жәрдемді күтпестен полицей медициналық мекемеге жеткізілген. Ол Ақжайық ауданының орталық ауруханасына жетпей қайтыс болған. Марқұм бұрын ішкі істер органдарында, яғни Ақжайық аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы болып жұмыс істеген. Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. БҚО сотының баспасөз қызметі мәліметінше, 28 қазанда Ақжайық ауданының тергеу соты күдіктіні екі айға қамауға алуға санкция берген.