Шымкентте «Ақтөбе» мен «Ордабасы» футбол командаларының жанкүйерлері арасында жанжал туындаған. Оларды полиция қызметкерлері тоқтатты, - деп хабарлайды POLISIA.KZ Telegram каналы.
«29 қазан күні сағат 17.30-да 102 арнасына Шымкент қаласының тұрғынынан хабарлама түсті. Ол Тәуке хан даңғылы мен А.Байтұрсынов көшесінің қиылысында жас азаматтардың жиналғаны туралы айтты. Белгілі болғанындай, Ақтөбе қаласының 50 шақты тұрғыны («Ақтөбе» футбол командасының жанкүйерлері) А.Байтұрсынов көшесінің бойында Шымкент қаласының 10 тұрғынын («Ордабасы» футбол командасының жанкүйерлері) жолықтырып, араларында жанжал туындаған. Оларды полиция қызметкерлері тоқтатты. Аталған тұлғалардың барлығы Шымкент қаласы ПД әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Жауап алу барысында азаматтар төбелес жайтын жоққа шығарып, бір-біріне қатысты шағымдары да жоқ екенін айтты», - деді полициядан.Барлық жеткізілген тұлғалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.