Сеулдегі қайғылы оқиға: мектеп ұжымы қаза тапқан қазақстандық студент туралы айтып берді
Сеулдегі қайғылы оқиға: мектеп ұжымы қаза тапқан қазақстандық студент туралы айтып берді
Фото:twitter.com/MySamudera
459
оқылды
Ақтөбе қаласының тумасы екінші жоғарғы білім алу үшін Кореяны таңдаған. Ол жастайынан білімге құштар болған. Ақтөбе қаласындағы №27 мектепте оқыған, – деп хабарлады Qazaqstan.tv. Ұстаздарының айтуынша, әсіресе, ағылшын тілін жетік білген. Мектеп басшылығы онымен ара-тұра байланысып отырғандарын айтады. Елшілік қызметкерлері қаза тапқан отандасымыздың құжаттарын ресімдеуге қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Марқұмның туыстары оның денесі елге ертең жеткізілетінін айтты. Алтынгүл Аткиева, №27 орта мектеп директорының орынбасары:
Мәдина біздің үздік оқыған қыз. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сыныпта оқыды. Ағылшын тілін өте жоғары деңгейде білді. Оған өте ұнады. Енді өкінішке қарай осындай жағдай болғасын бітіре алмады. Отбасымен байланыста болдық. Хабарын біліп отырдық.