Сербиялық теннисші Новак Джокович Australian Open чемпионатының финалында австриялық Доминик Тимді жеңді, – деп жазады Lenta.ru.Кездесу 2 ақпанда өтті. Джокович бес сетте де жеңіске жетті (6:4, 4:6, 2:6, 6:3, 6:4).
Сербия спортшысы Australian Open жарысында жеңу бойынша рекорд орнатып, сегізінші рет жеңіске жетіп отыр.
Сондай-ақ жарыста әйелдер арасындағы сайыста америкалық София Кенин жеңіске жетті. Финалда ол испаниялық Гарбинье Мугурусуды жеңді - 4:6, 6:2, 6:2.Айта кетейік, соңғы уақытта Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы рейтингінде Новак Джокович 2-орында тұр. Көш басында испаниялық Рафаэль Надаль келе жатыр.