Талдықорғанда ер адам 53 жастағы әйелді қонақ үйде зорлаған
Талдықорғанда ер адам 53 жастағы әйелді қонақ үйде зорлаған
Жетісу облысының 35 жастағы тұрғыны Талдықорғанда қонақүйде 53 жастағы әйелді зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлайды. Полицейлердің айтуынша, әйел қонақ үйде жұмыс істеген. Полицияға хабарласып, бөлмелердің бірінде тұратын белгісіз ер адам оны зорлағанын айтқан. Күдіктінің бұрын сотты болғаны белгілі болды.
«Күдікті бұған дейін де ауыр қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын түзеу мекемелерінде өтеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласы аумағында жасырынып жүрген іздеуде жүрген азаматтың жүрген жері анықталды», - деп хабарлады қалалық полиция.
Қазіргі уақытта ер адам Талдықорған қаласына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы «Зорлау» және 121-бабы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 18 қазанда ІІМ басшысы биыл полицияға зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам дабыл түскенін хабарлаған болатын.