«Халық құқық қорғау органдарына сенбейді»: Тұрсынбекова Шымкентте құқық қорғаушылармен кездесті
«Халық құқық қорғау органдарына сенбейді»: Тұрсынбекова Шымкентте құқық қорғаушылармен кездесті
291
оқылды
Кандидат Салтанат Тұрсынбекова Шымкент қалалық адвокаттар алқасымен кездесу өткізді.  Ол адвокаттардың барлық ұсыныстары мен шағымдарын тыңдады.
 «Заңгерлердің жағдайы қиын.  Қаржылық мәселелер одан да қиын.  Бірақ адамдардың құқығы бұзылып жатқанын көру, тіпті ауыр.  Сот процесі жүріп жатқанда, адвокаттар өз жұмысын толыққанды атқара алмайды.  Прокурорлар мен сот қызметкерлері адвокаттардың айтқанын тыңдағысы да келмейді.  Өз пікірін ашық айтып, белсенділік танытқан заңгерлер кейін еңбек жолын аяқтауға мәжбүр болғанын көріп те жүрміз», – дейді жиынға қатысушылардың бірі.
Адвокат Қазақстандағы соттардың  жақсы беделге ие еместігін де айтты.
 «Адам көмекке үміттеніп адвокат жалдайды, бірақ кәсіпқоймен жұмыс істегеннің өзінде сот шешімінің қаншалықты әділ болатынына күмәнданады.  Халық біздің соттарға сенбейді», – деді ол.
Сондай-ақ  жиналғандар сөз бостандығы – журналистердің сот процестері мен атышулы істерді сырттан қысымсыз көрсете алуы мәселелерін көтерді. Тұрсынбекова Салтанат Тұрсынбекова «Заң сақталмаған жерде ешқашан тәртіп болмайтынын» айтты. Кандидат өз бағдарламасында сот-құқықтық реформаны бірінші бағыт ретінде ерекше атап өткенін еске салды.  Сонымен қатар сот төрелігінің тиімді жүйесін құру, даулар мен жанжалдарды шешудің баламалы жолдарын дамыту, құқықбұзушылықтың алдын алудың заңда басымдығын қамтамасыз ету және т.б. ұсыныстарын айтты. Еске салайық, бүгін Салтанат Тұрсынбекова Шымкенттегі тігін фабрикасының 250 жұмысшысымен де кездескен болатын.