FlyArystan әуекомпаниясы iJan терминалының таныстырылымын өткізді
FlyArystan әуекомпаниясы iJan терминалының таныстырылымын өткізді
359
оқылды
Бірінші қазақстандық лоукостер FlyArystan әуекомпаниясы Н.Назарбаев Халықаралық әуежайында iJan атты инновациялық қызмет көрсететін терминалдардың тұсаукесерін өткізді. Алматы қаласының әуежайындағы кезексіз тіркеу, енді астаналық жолаушылар үшін қолжетімді болады. FlyArystan
«Біз iJan терминалдарын Қазақстанның барлық әуежайына орнатуды жоспарлап отырмыз. Елордамыздың әуежайы әуекомпания базаларының негізі болып саналады. Сондай-ақ бас қаламыздың әуежайы алдынғы қатарлы әуежайлардың қатарына кіреді. Сондықтан біздің терминалдардың арқасында жолаушылар әуежайда уақытын одан әрі жайлы және үнемді пайдаға асырады деп үміттенеміз. Бұдан былай FlyArystan-ның астаналық жолаушылары тіркеуді кезексіз өтіп, жолжүкті сегіз терминалдың бірінде санаулы уақыт ішінде өлшеп, тапсыра алады. Мұндай жаңашылдықты енгізу FlyArystan үшін өте маңызды. Себебі біздің әуекомпания биыл Астана қаласында авиация саласындағы  NQZ AVIATION AWARDS  атты әуежайдың бірінші премиясында «ең үздік регионалды лоукостер» марапатына ие болды», – деп түсіндірді FlyArystan-ның басқарушы директоры Эдриан Хамильтон-Маннс.
FlyArystan
«Бүкіл әлемдегідей Қазақстанда әуе жолаушылары легінің қарқынды өсуі байқалады. Осыған орай әуежайдағы қызмет көрсету уақытылы және жылдам өтуі аса маңызды. Қазір  FlyArystan әуекомпаниясы еліміздің 13 әуежайынан 26 ішкі әуе бағыты бойынша аптасына 207 рейс орындайды. Сондықтан лоукостер ішкі нарықтағы тасымалдау көлемі мен бағдарлар желісі бойынша көшбасшы болып саналады. Ал iJan терминалдарының іске қосылуы жолаушыларға кезексіз әрі тез тіркелуге мүмкіндік береді», – деді Астана Қазақстан Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.
Естеріңізге сала кетсек, лоукостер жаңа терминалдармен танысу және бейімделуге уақыт керек екенін ескере отырып, жолаушыларға 2023 жылдың қаңтар айына дейін терминалды қолдануға ақысыз бонус кезеңін ұсынады. Ал 2023 жылдың қаңтарынан бастап әуежай мен iJan терминалы арқылы тіркеу ақылы болады. Сонымен қатар жолаушылар FlyArystan мобильді қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында тіркеуді тегін алдын ала өте алады. FlyArystan   Қазір  iJan терминалдары өз бетімен тіркеуді тек ішкі рейстерге ұсынады. Ал кейін халықаралық рейстер де қосылады. Алматы әуежайында 21 қазанда ұсынғаннан бастап, FlyArystan-ның рейстеріне 2 500-ден астам жолаушы  тіркеуден өтті.