Мейрам Қажыкен елдің қорғанысын күшейту керегін айтты
Мейрам Қажыкен елдің қорғанысын күшейту  керегін айтты
667
оқылды
Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен Семейге жетті.  Осы жолғы сапарында зауыт қызметкерлерімен кездескен үміткер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қалай күресетінін сөз етті. Кандидат  азаматтық қоғам тақырыбына тоқтала отырып, бұл өз бағдарламасының негізгі бөлімі екенін атады. «Мемлекет әрбір азаматқа өзін-өзі дамыту үшін қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер жасауы керек. Азаматтың өзі әлеуметтік серіктестік, атап айтқанда кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, азаматтық қоғам институттары арқылы өмір сүру жағдайларын өзгерте алатын процестерге қатысуы керек. Бұл – біздің алға қойған мақсатымыз». Осылайша, үміткер әр адам өздерін лайықты жалақымен қамтамасыз ете алады. Бұл жерде мемлекет пен жұмыс берушілердің әлеуметтік қолдауына да ие болу керек деп қосты. «Тіпті, сыбайластардың арасында достар болса да, өте қатал жүргіземін», – деді  Мейрам Зекешұлы. Мейрам Қажыкен қазір  сыртқы қауіптердің төнуі мәселесі күрделі жағдайда, ұлттық қауіпсіздік, оның ішінде қорғаныс бағытын нығайту – өте өзекті екенін атап өтті. «Біздің армиямыздың қару-жарағын жаңғырту, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы, кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру секілді мәселелерді шешу өте маңызды. Сонымен қатар қазақстандық қорғаныс өнеркәсібін құру бағдарламасы жан-жақты қолдауға ие болуы тиіс», – деп толықтырды кандидат.