Үлескерлер мәселесі толық шешіледі
Үлескерлер мәселесі толық шешіледі
409
оқылды
Ақтөбе облысында үлестік құрылыс проблемасын шешу бойынша бірқатар шара қабылданып жатыр. Өңірде 540 үлескер қаражат салған 11 тұрғын үй кешені бар, көбінің құрылысы бірнеше жылдар бойы тоқтап тұрған. Оған қаржы тапшылығы, сот процесі және басқа да жағымсыз факторлар себеп. Проблемалық нысандарды тез арада пайдалануға беру және қиын жағдайға тап болған үлес­керлерді тұрғын үймен қамтама­сыз етуге көмектесу үшін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжа­нов­тың тапсырмасымен кешенді шаралар қабылданып, «Құрылыс кооперативтердің проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі жол картасы» бекітілді. Аймақ басшысы Ақтөбедегі құрылысы ұзаққа созылған тұр­ғын үй кешендерін аралап, бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын жеке өзі тек­серді. Барлық 11 нысанды аяқтау үшін әлеуетті инвесторлар тар­тылды. Кейбір мердігер компа­ния­лар бойынша құқық қорғау органдарына материал жіберілді. Қазіргі таңда барлық нысанда құ­ры­лыс жұмыс басталды. Атап айт­­қанда, құрылыс материалы­ның қымбаттауынан 2020 жылы Safina.kz тұрғын үй кешенінің жұ­мысы тоқтаған. Мұндағы пәтер­лер­дің 75 пайызы сатылып үлгер­ген, бірақ, тұрғындар әлі күнге дейін баспанасына кіре алмай отыр. 4 қазанда облыс әкімдігінде өткен жиыннан кейін мердігер компания құрылыс-монтаж жұмысын жандандырған және биылдың соңына дейін аяқтауға уәде беріп отыр. Бұл нысан толы­ғымен келер жылдың көктемінде пайдалануға беріледі. құрылыс Сондай-ақ өңір басшысы Кaspigroup, «Алаш Орда», «Жили­ще», «Жанғали», Exclusive тұрғын үй кешендерінің құрылыс бары­сы­мен танысып, үлескерлермен кездесті. Жобадан ауытқып, құ­ры­лыс материалдарын ауыстыр­ған «Жилище» тұрғын үй кешені сүрілетін болды.
«Проблемалық нысандардың қатарында 2016 жылдан бергі жобалар бар. Құрылысшылар тұрғындардан 9 қабатты үйдің құрылысына ақша алып, үйдің төрт қабатын ғана салған. Қалған қаражатқа жер учаскелерін сатып алып, мүлдем жоқ пәтерлерді сатып үлгерген. Шара қабылдауға тура келді. Ал басқа компания­ларға қатысты нақты міндеттер қо­йыл­ды: олар құрылысты то­лық­қан­ды аяқтайды немесе өз мін­детін уақытылы әрі сапалы орындайтын инвесторларға тап­сыр­ады. Біз қойған талаптарды орындап, істі соңына дейін жет­кізу­ге дайын әлеуетті инвестор­лар­ды анықтадық. Ендігі іс құ­рылысшыларға байланысты. Біз қажетті көмек көрсетуге дайын­быз. 2023 жылдың соңына дейін үлескерлерге қатысты мәселе­лер­ді толықтай шешетін боламыз», – деген облыс әкімі Ералы Тоғжа­нов құрылысшыларға өз міндетін сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырды.