Бокстан Азия чемпионаты Иордания астанасы – Амман қаласында өтіп жатыр. Бүгін қазақстандық төрт боксшы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.
Алдымен 51 келіде Сәкен Бибосынов үндістандық Спарш Кумармен, 57 келіде Серік Теміржанов түрікменстандық Ихлаз Гылычжановпен жұдырықтасады.
Ал 63,5 келіде Санатәли Төлтаевтың қарсыласы өзбекстандық Руслан Абдуллаев болып отыр.
Ал қыздар арасында 50 келіде Назым Қызайбай таиландтық Раксат Чутхаматпен өзара мықтыны анықтайды.
Жалпы, ерлер – 13, әйелдер 12 салмақта сынға түседі.
Азия чемпионаты 13 қарашаға дейін жалғасады.