Мұстафа Өзтүріктің қоқыста жатқан мүсініне қатысты басқарма өкілі пікір білдірді
Мұстафа Өзтүріктің қоқыста жатқан мүсініне қатысты басқарма өкілі пікір білдірді
Фото: Видеодан скриншот
663
оқылды
Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілі Талғар өзенінің жағасында тұрған Мұстафа Өзтүріктің мүсініне қатысты пікір білдірді.
«Таэквондодан 7 рет әлем чемпионы Өзтүрік Мұстафаның шәкірті Қайыр Мейірбеков 2004 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында Өзтүрік ескерткішін орнатпақ болып, алғашқы нұсқасын әкеліп орнатады. Алайда ескерткіш пропорциялары дұрыс болмай комиссия шешімімен алынып тасталған. 2014 жылы Талғар ауданы Бесағаш ауылдық мәдениет үйінің жанынан Өзтүріктің жаңа ескерткіші орнатылды», - деп жазылған ресми хабарламада.
Inform.kz-тің хабарлауынша, әлеуметтік желіде тараған видео мүсінді жоюға апара жатқан кезде түсірілген. Бұған дейін Ақселеу Сейдімбектің ескерткіші алынып тасталғаны туралы жазған болатынбыз.