Семейде қысқы маусымға коммуналдық техниканы дайындау жұмысы аяқталды
Семейде қысқы маусымға коммуналдық техниканы дайындау жұмысы аяқталды
200
оқылды
Семей қаласының коммуналдық техникасы қысқы кезеңдегі жұмысқа дайын. Қысқы маусымға дайындық шеңберінде мамандандырылған жинау техникасына, машиналар мен механизмдердің техникалық жай-күйіне, сондай-ақ қажетті тазалау құралдарына  байқау жүргізілді. Қаланы жинау және қар мен көктайғақ кезінде көлік  қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 92 бірлік мамандандырылған жол-жинау техникасы, 4 000 тоннадан астам инертті материал және 2 500 м3 құм-тұз қоспасы дайындалды. Қалың қар жауған кезде жұмыс күші мен техниканың саны қажеттілікке қарай артады. Семей Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарының тізбесіне көшелерді қардан және қар үйінділерінен тазарту, көшелердің жүргінші бөлігінің қар жамылғысын профильдеу, жол жиектерінен, беткейлерден және резервтерден қар үйінділерін алып тастау, қиылыстарды, аялдамаларды, көлік тоқтайтын қалталарды, отырғызу алаңдарын, көтерілулер мен түсулерді, тротуарларды тазарту жұмыстары кіреді. Семей Санитарлық тазалауға арналған қалалық аумақтың ауданы – 1 179 көше, жалпы ұзындығы – 756 шақырым, сондай-ақ  4 алаң, 11 сквер және 9 саябақты құрайды.