Астаналық тұрғын қателесіп, 940 мың теңгесін банкомат алдына қалдырып кеткен
Астаналық тұрғын қателесіп, 940 мың теңгесін банкомат алдына қалдырып кеткен
4,029
оқылды
Астана полицейлері бөтен адамның 940 мың теңгесін терминалдан ұрлап алған 36 жастағы әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әйел қаладағы банкоматтардың біріне келген. Оның алдында терминалға ірі көлемде ақша салған ер адам тұрған. Алайда операцияны орындау кезінде ер адамның ақшасы есепке алынбай, терминал ұяшығында қалып қойған. Ер адам көлігіне кеткенде күдікті әйел қабылданбаған 940 мың теңгені ұрлап алған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталған әйел өз кінәсін мойындады. Ақшаның бір бөлігін пайдаланып, ол өз кредитін жапқан.