Марат Қоғамов: Рақымшылық – ізгі ниет
Марат Қоғамов: Рақымшылық – ізгі ниет
475
оқылды
Бұл жолғы ұлттық рақым­шы­лық тәуелсіздік жылдарындағы онын­шы рет жарияланып отырған ізгілік шарасы екеніне қарамастан, оның тек қана бірреттік және ең ізгі көпшіліктік-құқықтық қадам ретінде қарастырылып отырғанын атап өту қажет. Бұл ерекшелікке Мемлекет басшысының өзі де баса назар аударып отыр. «Рахымшылық туралы» заңның қабылдануына ең басты жалғыз себеп болған оқиға­ның ендігі жерде қайталануы, ал­да­ғы уақытта мұндай рахымшылық актісінің жарияланатынына түрткі бола алмайтынына ешқандай да күмән болмауы тиіс. Бұл туралы ешқашан да ұмытпауымыз керек. Адам құқы мен бостандықтарын сақтау әрі құрметтеу актісі ретінде қарастырылып отырған рақымшы­лық шарасы ішінара ғана қолда­ныс­қа ие. Оған тек қана 4-7 қаңтар күндері еліміздің аумағында болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан және соған қатысы бар әрекеттерді жасаған адамдар ғана ілігеді. Со­ны­мен қоса, оның күші (тұлғаға қар­сы заңсыз әрекет, көрнеу жал­ған тұтқындау, куәлік беруге мәж­бүр­леу, қылмыстық құқықбұзу­шы­лықты жасыру, бөлімшені немесе қызмет орнын тастап кету, қызме­тіне салғырт қарау сынды) қыл­мыс­тық құқықбұзушылықтарға бар­ған полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге де жү­реді. Қылмыстық кодекстің 52-ба­бын­да қамтылатын, яки рақымшы­лыққа жататын қылмыстарды және оларды жасаған адамдарды анықтау кезінде Бас прокура­тура­ның қарастырылып отырған кезең­дегі мемлекеттің қылмыстық қудалау органдарында тіркелген тұлғалар мен іс-әрекеттердің негі­зін­де терең сарапталып, дәл тұжы­рымдалған мәліметтері басшылық­қа алынғаны­ның да маңызы зор. «Рақымшылық туралы» заң­ның, мұндағы қарым-қатынасты реттей­тін, Қылмыстық кодекстің 78-бабы­ның нормаларынан асып кетпейтіні – бұлжымас заңдылық. Мәселен, кішігірім немесе орташа ауырлық­тағы қылмыс жасағандар жауапкер­шіліктен босатылса, сот­тал­ғандар жазасын өтеуден боса­тыла­ды немесе жазасы жеңіл­детіле­­ді. Ал ауыр және аса ауыр қыл­­мысы үшін сотталғандар үшін жаза мерзімі қысқартылады, жаза­сын өтеп шыққандардан немесе жазасын одан әрі өтеуден боса­тылған­дардан соттылығы алынып тасталады. Бұл ретте жы­ныс­тық, террористік, азаптау қыл­мыстары­на және рецидивке ра­қым­шылық жүрмейді. Түйіндей айтқанда, «Рақым­шылық туралы» заң жаза басқан азаматтарға қоғам мен мемлекеттің танытқан ізгі ниеті деуге болады. Енді Үкімет пен жергілікті орган­дардың алдында оларды қарқынды түрде қайта әлеуметтік ортаға бе­йім­деу міндеті тұр.