Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны қайта көбейе бастады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус 51 адамнан анықталды. Екі адам емделіп шықты. 4 қарашадағы мәлімет бойынша, 735 адам коронавирус инфекциясынан (–590+ және 145 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 79 пациент стационарда, 656 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 4 адамның жағдайы ауыр,
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.