Коронавирусқа шалдыққан 4 адамның халі нашар
Коронавирусқа шалдыққан 4 адамның халі нашар
Фото: cancerhealth.com
290
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 15 адамнан коронавирус анықталды. 31 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 830 адам коронавирустан (–681+ және 149 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 77 пациент стационарда, 753 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 2 адамның жағдайы ауыр,
  • 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Қазақстанда 10 842 957 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 604 927 адам II компонентін салдырды. Ревакцинациядан 5 609 347 адам өтті.