Ақтөбеде баласын көршісіне тастап, із-түзсіз жоғалған әйел табылды
Ақтөбеде баласын көршісіне тастап, із-түзсіз жоғалған әйел табылды
Фото: inbusiness.kz
2,280
оқылды
Ақтөбеде 4 жасар баласын көршісіне қалдырып, сол күйі жоғалған әйел табылды. Бұл туралы POLISIA.KZ телеграм каналы хабарлайды. Баланың анасы полицияға өзі келген. Айтуынша, ол баланы бейтаныс адамдарға қалдырып, жұмыс орнынан жалақысын алуға кеткен. Жолда танысымен кездесіп, екеуі алкогольдік ішімдік ішкен. 43 жастағы әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша хаттама толтырылды. Еске салсақ, Ақтөбеде 4 жасар баласын көршісіне қалдырып, сол күйі жоғалған әйел іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.