Ақтөбеде 4 жасар баласын көршісіне тастап, із-түзсіз жоғалған әйелді іздестіріп жатыр
Ақтөбеде 4 жасар баласын көршісіне тастап, із-түзсіз жоғалған әйелді іздестіріп жатыр
Фото: inbusiness.kz
2,622
оқылды
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері баласын көршісіне тастап, хабар-ошарсыз кеткен әйелді іздеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Департаменттің мәліметінше, кеше сағат 20:00 шамасында тұрғын хабарласып, белгісіз әйелдің баласын өздеріне сеніп тастап кеткеніне 9 сағатқа жуықтағанын айтқан. Қаладағы Нариманов көшесінен түскен арыз бойынша полицейлер қазір баланың ата-анасын іздеп жатыр.
«Баласын бірнеше минутқа қалдырып, дүкенге барып келем деп, кейін оралмаған. Аталған мекенжайға ювеналды полиция қызметкерлері барды. Бала «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Бала шамамен 3-4 жаста, өзін Аңсар деп таныстырды. Егер баланың туыстары туралы қандай да бір мәліметтер болса, 8-771-785-10-58 немесе 102 телефоны бойынша хабарлауды сұраймыз» делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Көкшетауда екі баласын тастап кеткен әйел табылғанын хабарлаған болатынбыз.