Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
216
оқылды
Абу-Дабиде джиу-джитсудан 2022 жылғы әлем чемпионаты (БАӘ) өтті. Оның қорытындысы бойынша Руслан Исраилов Қазақстан қоржынына жалғыз алтынды салды. Джиу-джитсудан қара белбеу иегері Исраилов 85 келіге дейінгі салмақта белдесті. Руслан бес жекпе-жек өткізіп, бірінші орын алды. Қазақстандық спортшы финалдық жекпе-жекте Канада өкілі Ньютон дос Сантоспен шығып, оны жеңді. Руслан үшін келесі маңызды бәсеке – Азия ойындары. Ол осы турнирде 2018 жылы алтын медаль жеңіп алған.