Алматы облысында 100-ден астам киік мүйізі тәркіленді
Алматы облысында 100-ден астам киік мүйізі тәркіленді
378
оқылды
Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері ҰҚҚД қызметкерлерімен бірлесіп үш ер адамды ұстады. Олардан 100 келіден астам ақбөкен мүйізі табылды.
Күдіктілер қамауға алынды.
"Жедел жұмыс барысында ұсталғандардан 953 дана ақбөкен мүйізі тәркіленді. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) қылмыстық іс қозғалды", – деді Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Әбілғазы Төлепбергенов.