Instagram-да мыңдаған қолданушының аккаунты жойылып кетті
Instagram-да мыңдаған қолданушының аккаунты жойылып кетті
Фото Getty Images сайтынан алынды
509
оқылды
Дүниежүзіндегі Instagram қолданушылары өздерінің профильдеріне кіруде қиындықтар туындады деп шағымданды. Aikyn.kz сайты бұл туралы BBC.com-ға сілтеме жасап хабарлайды. Әлеуметтік желі платформадан уақытша шеттетілгендері туралы хабарлама келу проблемасын шешуде. Сайттағы техникалық ақаулықтарды бақылайтын DownDetector мыңдаған пайдаланушылардың зардап шеккенін анықтады. Кейбір қолданушылар аккаунттары 30 күнге жабылды деген хабарлама алған.
Ресми Instagram Communications Twitter-де: «Сіздердің Instagram парақшаларыңызға кіруде қиындықтар туындағанын білеміз. Біз оның шешу жолдарын іздестірудеміз және қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз» деген жазба қалдырған.
[caption id="attachment_225820" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок4 Фото maltatoday.com.mt сайтынан алынды[/caption] Компания туындаған мәселенің себептері жөнінде әзірге қосымша мәлімет таратқан жоқ.
Платформаға кіре алған кейбір қолданушылар өздерінің парақшаларында жазылушылар санының төмендегенін байқаған. Өйткені, көптеген аккаунт ақауға байланысты жойылып кеткен.
Өткен аптада WhatsApp платформасы да істен шығып, екі сағаттай оффлайн режимінде болды.