Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Давид Моррель (7-0, 6 КО) арасында WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті, - деп хабарлайды Sports сайты. Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы жас кубалық Давид Моррельге қарсы титулдық жекпе-жекте жеңілгенін мойындауға мәжбүр болды. Ербосынұлы кәсіби рингте бірінші рет нокаутпен жеңілді. Кубалық спортшы жекпе-жектің алғашқы минуттарынан бастап қазақстандық боксшыға соққы беріп, ұпай жинады. Давид Моррель кәсіпқой рингте сегізінші рет жеңіске жетіп, өзінің WBA нұсқасы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы белбеуін сәтті қорғады.