Айдос Ербосынұлы жеңіліп көрмеген кубалық боксшымен жұдырықтасады
Айдос Ербосынұлы жеңіліп көрмеген кубалық боксшымен жұдырықтасады
Жеңіліс таппаған қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақта жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Boxrec.com сайты. Дереккөздің айтуынша, Айдостың қарсыласы жеңілмеген кубалық Дэвид Моррель болады. Бұл жекпе-жек 5 қарашада Миннеаполисте (Миннесота, АҚШ) өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болмақ. Ербосынұлы мен Моррель WBA супер орта салмақтағы (76 келіге дейін) титулын сарапқа салады. Айта кетейік, бұл ұйымның суперчемпионының белбеуі мексикалық Сауль Альвареске тиесілі.