Алматы облысының ауруханасына 5 адам дене жарақатымен түсті, оқиға тергеліп жатыр
Алматы облысының ауруханасына 5 адам дене жарақатымен түсті, оқиға тергеліп жатыр
389
оқылды
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының көпсалалы ауруханасына түрлі жарақаттары бар 5 адам түсті. Оның біреуі көз жұмды, - деп хабарлайды Рolisia.kz сілтеме жасап.
«6 қараша сағат 00.55 шамасында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының ауруханасына түрлі жарақаттары бар 5 адам келіп түскен. Олардың біреуі алған жарақаттары салдарынан көз жұмған. Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша тергелуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын анықтау, сондай-ақ болған оқиғаның себептерін анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде» делінген полиция хабарламасында.