Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатының алтыншы күнін Махмуд Сабырхан сәтті бастады.
Өткен жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, жастар арасында үш дүркін Азия чемпионы Махмуд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта моңғолиялық Дорьныамбуу Ганболдпен жұдырықтасты.
Қазақстандық боксшы үш раунд бойы сауатты өнер көрсетіп, қарсыласына соққыны көбірек дарытып, шеберлігінің басым екендігін айқын таныта білді. Төрешілер бірауыздан жеңісті Махмуд Сабырханға берді – 5:0.
Осылайша, М. Сабырхан жартылай финалға өтті. Бұл – кемінде қола медаль қоржында деген сөз.
Чемпионға арналған пәтер!
Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды.
1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!