4 қараша күні елордада Әйелдер кәсіпкерлігін және гендерлік теңдікті дамыту жөніндегі коалиция (үкіметтік емес сектордың 30-дан астам өкілін біріктіреді) ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Әйелдер кәсіпкерлігі – елдің экономикалық ресурсы» атты конференциясын өткізді. Аталмыш шараның мақсаты – мемлекеттік органдар және бизнес қоғамдастықпен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі басым мәселелер мен ұсынымдарды талқылау.
«Цифрлық трансформация» ҚҚ басшысы, «Technowomen» президенті Азиза Шужеева цифрландыру, технологияларды қолдану саласында Қазақстан айтарлықтай серпінді дамып келе жатқанын атап өтті. Қор электрондық коммерция мектебімен бірлесіп, жақында 1470 қолөнершіге арналған ecommerce тренингін өткізді. Онда қазақстандық және шетелдік маркетплейстерге шығу бойынша түсінік берілді. Бұл бизнесті дамыту үшін қолжетімді әрі болашағы зор бағыттардың бірі.