Сағындық Тоғамбай қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді
Сағындық Тоғамбай қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді
Бокстан Азия чемпионатында қазақстандық Сағындық Тоғамбай қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, жеңді. Жастар арасында үш мәрте Азия чемпионы С.Тоғамбай 86 келіге дейінгі салмақта тәжікстандық Навруз Джафоевпен рингке шықты. Қарсыласына қарағанда, Сағындық тез қимылдап, бойының да, қолының ұзындығын пайдалана білді. Шеберлігінің басым екендігін айқын таныта алды. Тіпті үшінші раундта тәжікстандық боксшыны екі рет нокдаунге жіберді. Төрешілер есебі – 5:0. Осылайша, С.Тоғамбай да жартылай финалға жолдама алды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Дулат Бекбауовтың жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.