Азия чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға жолдама алды
Азия чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға жолдама алды
764
оқылды
Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін финалисі Қамшыбек Қоңқабаев аса ауыр салмақта оңтүстіккореялық До Хьен Киммен жұдырықтасты. Қамшыбек қарсыласын өзіне ыңғайлы қашықтықта ұстап, дәл соққылар жасай білді. Төрешілер есебі – 5:0, Қамшыбектің пайдасында. Осылайша, бүгінгі бокс кешін жеңіспен түйіндеген Қ.Қоңқабаев жартылай финалға шыққан қазақстандықтар санын 21-ге жеткізді. Енді жартылай финалдық жекпе-жектер, сосын соңғы бәсекеде кімнің қандай медаль алғаны анықталады