Mastodon-ға жаппай көшу Илон Масктың Twitter-ді сатып алуымен басталды. Осылайша, Mastodon қысқа уақыттың ішінде Twitter-ге балама платформа болып қалыптаса бастады. Бірақ ол мүлдем басқаша жұмыс істейді. Осы ерекшелік туралы SlashGear сайтына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.
Әдетте мессенджерлердің барлық қызмет түрлері бір серверге жиналады. Мұндай конфигурацияның орнына Mastodon желісі көптеген қауымдастықтарға бөлінген.
Әр қауымдастық жеке серверде орналасқан. Қазірдің өзінде көптеген сервер құрылып жұмыс істейді және олардың саны күн өткен сайын көбеюде.
[caption id="attachment_226145" align="aligncenter" width="1225"] Торғай ма, піл ме? Таңдау өзіңізде. Фото thequint.com сайтынан алынды[/caption]
Әлемдегі ең бай адам – Twitter-ді сатып алу үшін 44 миллиард доллар жұмсағаны белгілі және оның жалғыз бас директоры.
Осыған байланысты көптеген қолданушы Масктың сөз бостандығына деген берік сеніміне байланысты платформа зәрлі болады деп алаңдайды. Әзірше, Маск бұл қауесетті сейілту үшін ешбір әрекет жасамады, мыңдаған Twitter қызметкерлерін жұмыстан шығарды, адам құқығын қорғау мен қолжетімділік топтарын таратты.
Осындай аласапыран кезеңде Twitter-ден оқшауланғысы келген қолданушылар үшін Mastodon жақсы шешім болуы мүмкін. Ол үшін қауымдастықты (серверді) дұрыс таңдап, аккаунт тіркеу қажет. Бұдан кейін басқа қызығушылық туғызатын серверлерге қосылуға болады.