Геннадий Головкин халі мүшкіл боксшы Айдос Ербосынұлына ертерек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, бауырларына күш-қуат тіледі. Бұл туралы Instagram парақшасында жазба жариялады.
[caption id="attachment_226146" align="alignnone" width="700"] Фото: Г.Головкиннің парақшасынан алынды[/caption]
Кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өткен титулдық жекпе-жекте нокаутпен жеңілді.
WBA World титулы үшін жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған еді. Бірақ жекпе-жектің аяқталуына санаулы сәт қалғанда кубалық боксшы Давид Моррель Айдос Ербосынұлын нокаутқа жіберді.
Ауыр соққы алған Айдос Ербосынұлы комада жатыр.