Үздік құсбегілер марапатталды
Үздік құсбегілер марапатталды
242
оқылды
Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында Абай облысында өткен Құсбегіліктен І Әлем чемпионатының салтанатты түрде жабылуы болды. Шараға облыс әкімінің орын­басары Шалқар Байбеков арнайы қатысып, облыс әкімінің құттық­тауын жеткізді. Үржар ауданында ұйымдастырылған мән-мағынасы ерекше шараға 6 шет мемлекеттен және ұлан-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге тарта құсбегі қатысып, бақ сынады. Бүркіт жарысы бойынша жүл­делі 1-орынға Серікболсын Жал­ғас­ұлы (Жамбыл облысы), 2-орын­ға Өмірбек Нұман (Абай облысы), 3-орынға Өркен Бәйтілкәріпұлы (Моңғолия) мен Байрақ Тастанбек (Астана қаласы) қол жеткізді. Қаршыға жарысы бойынша жүлделі 1-орын Бексұлтан Сейт­жанға, (Алматы облысы), 2-орын Ерасыл Серікбекке (Астана қала­сы), 3-орын Салават Айтбекұлы (Қырғызстан) мен Айшуақ Тайма­новқа (Маңғыстау облысы) бұйыр­ды. Ителгі жарысы бойынша 1-орын­ды Таңат Оспанқұлов (Қарағанды облысы), 2-орынды Ерлан Сандыбай (Түркістан облысы), 3-орынды Мұрат Налват (Түркия) пен Бағдат Кеуенов (Түр­кістан облысы) иеленді. Тазы жарысы бойынша 1-орынға Аманбек Дүкенов (Абай облысы), 2-орынға Жандос Озатов (Абай облысы), 3-орынға Аманбек Дүкенов лайық деп танылды. Жүлдегерлер арнайы диплом­дар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Б.ИКРАМОВА