Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова финалға шықты
Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова финалға шықты
512
оқылды
Иорданияда өтіп жатқан Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова финалға шықты. Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Алуа Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Фарзона Фозиловамен жекпе-жек өткізді. Қазақстандық және өзбекстандық боксшылардың кездесуі қашанда қызу өтетіні белгілі. Олимпиада, әлем не Азия біріншілігі болсын, қай құрама медальді көп алады деген бәсекелестік әуелден бар. Оның үстіне күндізгі сессияда Қазақстаннан үш боксшы финалға шыға алмай қалды. Алуа бірден ширақ қимылдап, қарсыласынан айласын асырып, дәл соққыларымен тежей білді. Төрешілер де А.Балқыбекованың шеберлігі басым екендігін мойындады – 5:0. Осылайша, Алуа Балқыбекова Жайна Шекербековадан кейін екінші болып финалға жолдама алды.