Әділет министрлігі 3,36 миллиард доллар тұратын биткоин тәркіледі
Әділет министрлігі 3,36 миллиард доллар тұратын биткоин тәркіледі
Биткоин (BTC) доллардан 20 мың есе қымбат криптовалюта. Фото Shutterstock фото банкінен алынды
475
оқылды
АҚШ-тың Әділет министрлігі биткоинді тәркілеудің рекордтық көлемі туралы хабарлады. Бұл ақшаның шығу тегі мен көлемі шынымен-ақ таңғалдырады. SlashGear платформасында жарияланған мақалада айтылған криптовалютаның иесі туралы Aikyn.kz хабарлайды. Тәркіленген сома криптовалютаға қатысты Әділет министрлігі бұрын-соңды болмаған ең үлкен қаржылық тәркілеу болды. Бұдан бір жыл бұрын да үлкен тәркілеу болған.
Бірақ екінші рет іске асырылған ірі тәркілеу министрліктің рекордтық қаржылық тәркілеуі деп саналады. 50 000 монетадан асатын биткоиндардың нарықтағы бағасы тым жоғары.
[caption id="attachment_226555" align="aligncenter" width="1250"]Рисунок7 Биткоин (BTC) әлемдегі ең қымбат криптовалюта. Фото Shutterstock фото банкінен алынды[/caption] Криптовалюталардың құны соңғы бір жылда күрт құлдырап кетсе де, биткоин өте қымбат екені ешкімге құпия емес. Coingecko тәуелсіз агрегаторының мәліметінше, 2021 жылдың 9 қарашасында тәркілеу кезінде бір биткоин 67 617 долларды құраған. Осы күндері, 2022 жылдың 7 қарашасындағы жағдай бойынша, монетаның құны 20 760 долларға дейін төмендеді.
Тәркіленген кезде криптовалютаның құны 3,36 миллиард доллар болса, қазір бұл сома 1,04 миллиард долларға жақын.
Бағасы төмендесе де, биткоиндердің саны өте маңызды және ол айыпталушы Джеймс Чжунның қолына 2012 жылы алғаш түскен күннен бастап ірі портфель деп бағаланады. [caption id="attachment_226557" align="aligncenter" width="1245"]Рисунок8 Биткоин көлеңкелі желіде заңсыз жолмен алынған. Фото Shutterstock фото банкінен алынды[/caption] Әділет департаментінің мәліметі бойынша, Джеймс Чжун 2012 жылдың қыркүйегінде 50 000-нан астам биткоинді заңсыз алған және ол мұны істеу үшін dark web-те алаяқтық жасаған.
Dark Web – бұл кәдімгі интернет сайттарына қарағанда әлдеқайда құпия және анонимді желілер жүйесі. Сондықтан да көлеңкелі интернетті есірткі мен қару сату сияқты заңсыз мақсаттарға жиі пайдаланады.
Чжун алаяқтықты жүзеге асыру үшін dark web-те орналасқан Silk Road заңсыз алаңды пайдаланған. Бірақ ол 50 000 биткоин жинау үшін ештеңе сатып алмаған және сатпаған. [caption id="attachment_226558" align="aligncenter" width="1735"]Рисунок9 Dark Web – интернет сайттарына қарағанда әлдеқайда құпия және анонимді желілер жүйесі. Нағыз айсбергтің су астындағы зор бөлігіне ұқсайды. Фото resilia.pl сайтынан алынды[/caption] Чжун Silk Road жүйесіндегі кемшілікті пайдаланып өте жылдам транзакциялар жасаған. Соның нәтижесінде бастапқыда салған биткоиннан әлдеқайда көп криптовалюта алған. Бірнеше күн ішінде ол 50 000-нан астам монета жинаған, ол кезде бір монетаның құны небәрі 13 доллар болды.
Жылдар бойы Чжун өз байлығының көп бөлігін бірнеше «суық әмиянға» жасырады. Сонымен бірге компанияға қомақты қаржы салып, асыл металдар сатып алады.
Осының бәрі тәркіленіп, сотталушы электронды байланыс құралдарын қолданып, қылмыс жасағанын мойындады. Оған үкім 2023 жылдың ақпан айында шығады. Іске жауапты IRS-CI арнайы агенті Тайлер Хэтчер мұны былайша түйіндеді:
«Біз ақшаны қаншалықты ақылды түрде жасырса да, тіпті попкорн банкасының төменгі жағына тығылған микрочиптен де тауып аламыз. Іздеуді тоқтатпаймыз».